Габдрашова Шолпан Есенжоловна әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия факультетін 2013 жылы “Химия” мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірген. Габдрашова Шолпан Есенжоловна 2013-2015 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құрамдардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша магистратурада оқып, жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2015 жылы маусымда «Со-термолиз углеродных материалов, наполнителей взрывчатых веществ» тақырыбындағы магистрлік жұмысын үздік тәмамдады. Республикалық, халықаралық конференцияларға ғылыми мақалалар, тезис материалдары ұсынылды. Республикалық басылымдарда ғылым, жану процестері, пиротехникалық құрамдар тақырыбында мақалалары жарық көрген. 2015-2018 жылдары, химиялық физика және материалтану кафедрасында, жарылғыш заттар мен пиротехникалық құрамдардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша докторантурада оқыды. 2019 жылы 14 наурызда «Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құрамдардың химиялық технологиясы» бойынша Ph.D докторы ғылыми атағын алды. Габдрашова Шолпан Есенжоловна 2012 жылы 2 қыркүйегінен 2019 жылдың желтоқсан айына дейін «Жану проблемаларының институты», нано- және энергияға бай материалдар лабораториясында ғылыми қызметкер қызметін атқарады. Габдрашова Шолпан Есенжоловна 2017 жылдың 1 қыркүйектен 2019 жылдың 31 қыркүйегіне дейін химия және химиялық технологиялар факультеті «химиялық физика және материалтану» кафедрасында маман қызыметін атқарған. 2019 жылдың 1 қыркүйегінен «химиялық физика және материалтану» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқаруда. “Химия” мамандығы бойынша 4 курс 407К және 408К топ студенттерінің куратор-эдвайзері. «Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құрамдардың химиялық технологиясы» магистратура білім беру бағдарламасының координаторы. Габдрашова Шолпан Есенжоловна Scopus базасына кіретін журналдарда 20 мақаласын жариялады. Өз жұмысы бойынша 3 патенттің авторы.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2013

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
15.03.2019
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

21

Цитирования
192 по 83

құжаттар

h-индексі

10